МЕКТЕП ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Ақтөбе қаласы, К.Нокин тұрғындар алабында орналасқан 320 орындық
«№65 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-сі туралы мәлімет
Тіркелген мекен-жайы | Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, К.Нокин тұрғындар алабы 115 А |
Байланыс телефондары | 73-02-28, 73-02-26, 87024079774. |
Ашылған уақыты | 01.09.2017 ж |
Мектеп директоры | Жантурина Марфуха Саменовна |
Мектеп территориясының жалпы аумағы | 18.000 кв.м. |
Мектеп ғимаратының аумағы | 5162 кв.м. |
Нысанның қызмет түрі | Жалпы білім беру ұйымы |
Қолданыстағы инфрақұрылым | Мектеп типтік 3-қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Мектепте жалпы 16 оқу кабинеті бар. Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері: 2 физика кабинеті, химия кабинеті, 1 биология, 1 информатика кабинеті, технология ер балалар үшін -1 кабинет, технология қыз балалар үшін -1 кабинет бар. Сонымен қатар мектепте 1 спорт залы, мәжіліс залы, кітапхана бар. Алғашқы әскери дайындық пәніне арналған 1 оқу кабинеті бар. Мектеп асханасы — 120 орындық. Мәжіліс залы – 90 орындық. |
Оқушы саны | Барлығы – 410 оқушы
1-ауысымда – 221 2-ауысымда – 189 Класс комлекті саны – 20 1-4 кластар – 173 5-9 кластар – 199 10-11 кластар – 38 |
Мұғалімдер саны | Барлығы- 44 мұғалім
Жоғары білімді – 41 Арнаулы орта білімді – 3 Жоғары санатты – 1 Бірінші санатты – жоқ Екінші санатты – жоқ Педагог-шебер — 1 Педагог-зерттеуші – 6 Педагог-сарапшы – 14 Педагог-модератор – 4 |
Мұғалімдердің орташа жалақысы | 200 000 теңге |
МЕКТЕПТІҢ МИССИЯСЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2022-2023 оқу жылындағы өзекті тақырыбы:
- Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдалану.
Мектептің 2023-2024 оқу жылындағы миссиясы:
— Оқушылардың ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардың оқып тәрбиеленуге барынша қолайлы жағдай жасау, мектептің білім беру кеңістігінің мүмкіндіктерін пайдалану, қосымша білім беруді дамыту.
— әр оқушының дамуымен бойындағы қабілеттерін толық пайдалануға жағдай жасау;
— оқушылардың өзгерістерге тез бейімделулеріне атсалысу.
Мектептің 2023-2024 оқу жылына арналған мақсаттары:
— жан-жақты оқушы тұлғасының үздіксіз даму процесіне жағдай жасай
отырып, интеграциялық және дифференциалдық білім беру процесі арқылы
оны әлеуметтендіру;
— білім берудің барлық сатысында негізгі біліммен қосымша білімнің
кіріктірілуіне жағдай жасау;
— оқушыларға білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттарын
меңгерулеріне жағдай жасау;
— мектептің білім беру қызметінің сапасын заман талабына сай сәйкестендіру;
— мектептің тәрбие жүйесін жетілдіру;
— мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыру;
— білім беру процесін ақпараттандыру.
— оқушының ғылыми дүниетанымын сыни ойлауды дамыта отырып
жетілдіру арқылы практикалық дағдысы мен құзіреттілігі жоғары жеке
тұлғаны даярлау;
Мектептің 2023-2024 оқу жылына арналған міндеттері:
— Білім сапасын көтеру мақсатында сабақтарда сыни ойлауды дамыта
отырып, білім берудің түрлі тиімді әдіс-тәсілдерін нәтижелі қолдану;
— Білім берудің қосымша платформалары мен заманауи оқыту, соның ішінде гибритті және аралас оқыту форматты оқытуды іс-тәжірибеге кеңінен енгізу арқылы оқушылардың білімге құштарлығын жетілдіру жолдарын қарастыру;
— Оқушылардың білім сапасын арттыруда жазба сабақтарында оқушылардың орфографиялық сауаттылықтарын, үш тілділікті дамыту, инклюзивті білім беруді жүйелендіру, барлық пәндерден функционалдық сауаттылықты және жаһандық құзіреттілікті арттыру жұмыстарын жүйелеу;
— Жаратылыстану пәндерінен оқушылардың білім сапасын арттыру мен білім олқылықтарын толықтыру жұмыстары кеңінен қарастыру;
— Оқушылардың білім сапасына жүргізілген жүйелі мониторинг нәтижелерін талдау және оларды әдістемелік бірлестікте талқылау.
— Дарынды балаларға білім берудің вариативтілігін және көп деңгейлігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасау;
— Педагогикалық ұжым мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен шеберліктерін дамыта отырып, санаттарын көтеру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру;
— Жетекші мектеп ретінде серіктес мектептермен жұмыста жаңартылған білім мазмұнын меңгертуге дайындауда, оқыту мен оқуда заманауи тәсілдерді қолдануда, кедергілерді анықтау және оларды түзетуде, іс –шаралар ұйымдастыруда мұғалімдер дайындығы үдерісінің тиімділігін мониторингілеуді ұйымдастыру.
— Тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерін қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті байыту;
Құжаттама
Аты | Түрі мен өлшемі | |
---|---|---|
№ 65 ЖББОМ-нің Жол картасын бекіту туралы бұйрығы | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |