2024-2025 оқу жылы. Қамқоршылық кеңес отырысы.
12.11.2024 жылы № 65 ЖББОМ-де Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер:
1. Аз қамтылған отбасылардың тізімін анықтау, мектеп оқушыларына киім, кітап құралдарымен қамтамасыз етілуі, /ӘП Н.Шамұратова/
2. Мектептің оқу жылына даярлығы, жылу қазандығы, жылу жүйесі, материалдық базасы / ДШЖО С.Елтезеров/
3. Мектеп оқушыларының кітаппен қамтамасыз етілуі / Кітапханашы: М.Жұмабаева/
4. 9-11 сынып оқушыларының еңбеккке орналасуы /ТІЖО Б.Кабакбаев/.
Көрсетілген күн тәртібіндегі мәселелерге баяндамашылар тоқталып баяндап өтті және Мектеп директорінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. А. Кабакбаев мәселерге қысқаша тоқталып, кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
23.05.2024 жылы №65 ЖББОМ -де кезекті камқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Мектеп директорының 2023-2024 оқу жылы қортындысы және мектептің жан басына шаққандағы бюджеттің орындалу есебі.
2. Білім алушылардың жазғы мектепішілік ойын алаңына және қала сыртындағы лагерлеріне көп балалы, аз қамтылған оқушылар демалысын ұйымдастыру туралы.
3. «Сұңқар-секьюрити» ЖШС-і мектептің қауіпсіздігі үшін келісім-шартын жалғастыру туралы.
Мектеп директоры М.С.Жантурина жоғарыда көрсетілген күн тәртібіндегі көрсетілген мәселелерге тоқталып баяндап өтті және кеңес мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.