Добро пожаловать на официальный интернет-ресурс

Ақтөбе қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 25-ші сәуірі күні Ақтөбе қаласы Алматы ауданы № 65 ЖББОМ-де Ақтөбе қаласының 155 жылдығына және Қазақстан Республикасы мәслихаттың 30 жылдығына орай, қала мектептерінің «Жас сарбаз» (Кадет) сыныптары оқушыларының арасында «Жас ұлан-2024» әскери-қолданбалы спорт жарысы болып өтті.

Бұл шараға Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары Мектепбаев Олжас Амангельдиевич, Балиева Райса Оразбековна, Жаңалық Ахаш, Сақтағанов Абай Дидарұлы және Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Убениязов Ерәділ Жиенбаевич келді. Аталған азаматтармен бірге № 65 ЖББОМ-нің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кабакбаев Баубек Амангалиевич құттықтау сөз сөйлеп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

«Жас сарбаз» (Кадет) сыныптары болғандықтан, аталған сайысқа қаладағы Ф.Оңғарсынова атындағы №41 ОМГ, № 65 ЖББОМ және М.Ғабдуллин атындағы № 70 ЖББОМ, Сазды орта мектептері жанынан ашылған «Жас сарбаз» сыныптарының тәрбиеленушілері қатысты. ҚР-ның мемлекеттік Туы салтанатты түрде кіргізіліп, ҚР-ның Әнұраны шырқалды.

Шара барысында Жансен Кереев атындағы «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиеленушілері АК-74 автоматын шашып, жинау жаттығуын және Қожағали Азамат, Нұрбергенов Оралхан, Мұратов Арсендер барлау кезінде таулы аймақтарда альпенистік құрал-жабдықтарды қолдана отырып, тау шыңына шығып-түсу техникасын сәтті орындады. Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 мектеп-гимназиясының 8-ші Кадет класы саптық дефиле көрсетті.

Әскери-қолданбалы спорттық жарысқа № 15 орта мектебінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Жамаладинов Нурболат Қойлыбаевич, Қызылжар орта мектебінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Буребаев Дәуіржан төрелік етті.

Жарысқа қатысушы ұландар әскери-қолданбалы спорттың «Саптық жүріс», «Арқан тартыс» және «Автомат калашнигін шашып, жинау» түрлерінен сайысқа түсті. Нәтижесінде М.Ғабдуллин атындағы № 70 ОМ-нің ұландары жүлделі І орынмен, № 65 ЖББОМ-нің «Жас сарбаз» класы тәрбиеленушілері жүлделі ІІ орынмен, сондай-ақ, Ф.Оңғарсынова атындағы № 41 ОМГ мен Сазды орта мектебінің ІІ мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бегильдинов атындағы «Жас сарбаз» класы ІІІ орындармен марапатталды.

Шара барысында «Жас сарбаз» сыныбы тәрбиеленушілерінің «Ынтымақ елім-Қазақстан» атты патриоттық әні мен мектептің бастауыш буыны оқушыларынан құралған домбырашыларының күмбірлеген күйі салтанатты шараның жоғары деңгейде өтуіне септігін тигізді.

Жетекшісі:

АӘТД пәні мұғалімі Тагабиргенов Б.Ж.

Ақтөбе қаласының білім бөлімінің жоспары сәйкес 2024 жылдың 21 ақпан күні, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің 2022 жылды 11 қаңтар күні мәжілістегі жастарымыздың әскери борышын өтеуге ынталандыру үшін, біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек деген сөзінен, мектептерде әскери-партиоттық тәрбиенің рөлін күшейту мақсатында,  №65 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларынан құрылған  Жансен Кереев атындағы «Жас сарбаз» класының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты № 65 жалпы білім беретін орта мектебі Жантурина Марфуха Саменовна ашты, арнайы шақырылған қонақтар ретінде Ақтөбе облысы білім басқармасының бас маманы Әскер Гүлзат Мерекеқызы,  Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті Алғашқы әскери  және технологиялық дайындық пәнінің әдіскері Сраж Серік Аманжолұлы, Ақтөбе қалалық маслихат депутаты Мектепбаев Олжас Амангельдиевич,  Ақтөбе облыстық қорғаныс істер жөніндегі департамент ардагерлер қызметінің бастығы Мағауин Бижан Жұмабайұлы, Ақтөбе облыстық «Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлерінің қоғамдық бірлестігі» төрағасының орынбасары Жұмабеков Аманкелді Байыш ұлы, Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестік төрағасы Балқасынов Аслан Нұрқасымұлы, Тұңғыш генерал  лейтенант Жансен Кереевтің туысқандары Аманкелді Лайұлы, Нұрмұқан Исаұлы қатысты.

№65 ЖББОМЖансен Кереев атындағы «Жас сарбаз» класының АК 74 автоматымен демонстрациялық орындау, қоян қолтық күресін және Автомат Калашнигін шашып жинау жаттығуы тамашалады. Жансен Кереев атындағы «Жас сарбаз» класының Қожағали Азамат, Нұрбергенов Оралхан, Муратов Арсен орындауыңда барлау кезінде таулы аймақтарда альпенистік құрал жабдықтарды қолдана отырып тау шынына шығып түсу техникасын көрсетті.

Сазды орта мектебінін ІІ мәрте Кеңес одағының батыры Талғат Бегельдинов атындағы  «Жас сарбаз» класы музыкалық  әуен жолдады.

№33 ОМ Темірбек Жақсылықбаев атындағы «Жас сарбаз» класы және Бауыржан Момышұлы атындағы әскери патриоттық клубы  Саптық дефелені домбыра оркестрімен орындады.

«Жас сарбаз» класының тәрбиеленушілері салтанатты түрде  ант қабылдады. Мерекелік іс-шараға келген қонақтар ризашылықтарын білдірді.

Ақтөбе қаласының білім бөлімінің жоспары сәйкес 2024 жылдың 21 ақпан күні, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің 2022 жылды 11 қаңтар күні мәжілістегі жастарымыздың әскери борышын өтеуге ынталандыру үшін, біз бүкіл қоғам болып ойластыруымыз керек деген сөзінен, мектептерде әскери-партиоттық тәрбиенің рөлін күшейту мақсатында, №65 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушыларынан құрылған  Жансен Кереев атындағы «Жас сарбаз» класының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты № 65 жалпы білім беретін орта мектебі Жантурина Марфуха Саменовна ашты, арнайы шақырылған қонақтар ретінде Ақтөбе облысы білім басқармасының бас маманы Әскер Гүлзат Мерекеқызы,  Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті Алғашқы әскери  және технологиялық дайындық пәнінің әдіскері Сраж Серік Аманжолұлы, Ақтөбе қалалық маслихат депутаты Мектепбаев Олжас Амангельдиевич,  Ақтөбе облыстық қорғаныс істер жөніндегі департамент ардагерлер қызметінің бастығы Мағауин Бижан Жұмабайұлы, Ақтөбе облыстық «Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлерінің қоғамдық бірлестігі» төрағасының орынбасары Жұмабеков Аманкелді Байыш ұлы, Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамдық бірлестік төрағасы Балқасынов Аслан Нұрқасымұлы, Тұңғыш генерал  лейтенант Жансен Кереевтің туысқандары Аманкелді Лайұлы, Нұрмұқан Исаұлы қатысты.

№65 ЖББОМ Жансен Кереев атындағы «Жас сарбаз» класының АК 74 автоматымен демонстрациялық орындау, қоян қолтық күресін және Автомат Калашнигін шашып жинау жаттығуы тамашалады. Жансен Кереев атындағы «Жас сарбаз» класының Қожағали Азамат, Нұрбергенов Оралхан, Муратов Арсен орындауыңда барлау кезінде таулы аймақтарда альпенистік құрал жабдықтарды қолдана отырып тау шынына шығып түсу техникасын көрсетті.